"Тағы екі зауыт қайдан шықты?" Премьер-министр экология министрінің баяндамасынан қате тапты


Премьер-министр Олжас Бектенов Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың баяндамасында қоқыс өңдейтін «қосымша» екі зауыт тапты.

Фото: t.me/KZgovernment

"Бұрын ұсынылған ақпарат бойынша 35 зауыт салынады. Баяндамада 37 жаңа зауыт салынатынын айттыңыз. Тағы 2 жаңа зауыт қайдан шықты?», - деп сұрады Бектенов Нысанбаевқа.

"Астанада тағы екі зауыт қосылды. Олар кеше есепке қосылды. Слайдтар өткен аптада берілді", - деп жауап берді министр.

Бұдан кейін Премьер-Министр сөз нақты жүзеге асырылатын жобалар туралы болып жатқанын түсіндірді. Нысанбаевтың айтуынша, бұл жобаларға қатысты мәселелер күн сайын уәкілетті органдармен талқыланады.

«Әрбір әкімдікте күн сайын облыс әкімінің тиісті орынбасарлары, сондай-ақ тиісті басқарма қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Әрбір жоба қаралады. Мұндағы жобалардың дайындық деңгейі өте жоғары», - деп сендірді шенеунік.

Үкімет басшысы бұл мәселені бақылауда ұстауға уәде беріп, министрден нақты деректер беруді талап етті.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше