"Таиландта ұсталған қазақстандық ешкімді өлтірмек болған жоқ" СІМ


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қазақстандықтың ресейлік кәсіпкерді өлтірмек болғаны үшін ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Фото: The Phuket Express

Ол шынымен де сол жерде қазақстандықтың қамауға алынғанын атап өтті. Дегенмен, әрекет үшін емес, иммиграциялық заңдарды бұзғаны үшін.

«Өкінішке орай, кейбір БАҚ кейбір дереккөздерге сілтеме жасай отырып, тексерілмеген ақпаратты тарата бастады. Азаматтың жеке басы анықталды, ол шынымен де Қазақстан азаматы. Ол 45 тәулікке қамауға алынды. Бірақ, тай тарапының айтуынша, ол көші-қон заңнамасын бұзған», - деді Смадиров.

Айта кетейік, бұған дейін кісі өлтіру әрекетін қазақстандықты ұстау себебі ретінде Ресейдің Пхукеттегі бас консулдығында ресми түрде жарияланған болатын.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше