Таразда есірткі сақтады деген күдікпен 50 жастағы ер адам ұсталды.
Полиция иісшіл иттің көмегімен жұмыс істеді. Тінту кезінде есірткі қоймалары табылды. Ер адам құны 10 млн теңгелік үнді марихуаналарын қорада және бақшада сақтаған.
Тыйым салынған заттар канистрлерде сақталып, жалпы салмағы 4,6 кг үнді қарасорасының кептірілген марихуанасы тәркіленді.
"Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Жамбыл облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Әлім Бәжікбаев.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.