Әйел жаңа туған нәрестені акушерлерден 1,5 миллион теңгеге сатып алған.
Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық көпсалалы аурухананың екі акушеркасын ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 39 жастағы Тараз тұрғыны жаңа туған қызды акушерлерден 1 500 000 теңгеге сатып алғаны анықталды. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әйелдер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға қатысты «кетпеу туралы жазбаша міндеттеме және дұрыс мінез-құлық» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Жаңа туған нәресте сәбилер үйіне орналастырылады. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі («Кәмелетке толмағандарды саудалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.