Титаниктің алғашқы сапарында суға батқанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, аман қалған Фрэнк Прентис қорқынышты апатты еске алды.
Фрэнк Прентис Титаниктің батуынан аман қалғанда 23 жаста еді. 67 жылдан кейін ВВС-ге берген сұхбатында сол қорқынышты түн оны әлі де мазалап жүргені айтты. 1912 жылы 14 сәуірде «Титаник» Атлант мұхитындағы айсбергке соғылып,1500-ден астам адам қаза тапты.
Прентис мырза өзінің алғашқы сапарында кемеде керек-жарақтарды өңдеп, сатып алушының көмекшісі болып жұмыс істеген. Ол 1979 жылы жарық көрген «Ұлы лайнерлер» деректі фильмінде сол түнгі оқиғаларды айтып берді.
«Кеме кенеттен тоқтағанда көліктің тежегішін басып қалғандай болды. Бізде иллюминатор ашық еді, мен сыртқа шығып қарадым, аспан ашық, жұлдыздар жарқырап тұр, теңіз тыныш және мен ешқандай қауіпті сезбедім, ойламадым», - дейді ол апаттың алғашқы минуттарын есіне алып.
Прентис мырза палубаға зерттеу кабинасынан шыққанда, ол мұзды көрген, бірақ айсбергтен кеменің су үстіндегі бөлігінде ешқандай зақым болған жоқ. Алайда, судың астында көрінбейтін бөлігінде кемеге зақым келген еді.
Әйелдер мен балаларға құтқару қайықтарына отыру туралы бұйрық келеді, бірақ Прентис мырзаның айтуынша, көпшіліктің құтқарушыларға сенбеуіне екі себеп болған: біріншіден, түн ортасында 70 фут (21,3 метр) биіктіктен суға құлау ессіз болып көрінді, екіншіден, борттағылар кеме шынымен батып кетеді деп еш ойламаған.
«Бізде 16 құтқару қайығы болды және олардың әрқайсысы толған болса 50 адам сыятынын еді, біз 800 адамды құтқарар едік, алайда тек 500-ін ғана құтқардық», - деді ол.
"Мен бірте-бірте тоңып бара жаттым, Құдайдың рақымымен мен құтқару қайығына тап болдым, олар мені тартып алды", - деп еске алады Фрэнк Прентис.
Бірнеше адамға қоймадан алып жүруге болатын барлық печеньелерді әкелуді бұйырды. Олар палубадан келгенде кеме қатты шайқалып, құтқару қайықтарына жетіп үлгермеді. Құтқару кеудешесін киюге асыққанда, кеме тез батып бара жатты, палубаға үшінші класстағы жолаушылар жиналып, дүрбелең көтерілді.
Сосын Титаник екіге бөлінді...
«Кенеттен кеме тез көтерілді, содан соң оның құлағанын естідік», - деді ол.