Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Сурет: akorda.kz

Президент бұл мерекенің шығармашылық пен мейірімділікке, басқаларға қамқорлық пен мұқтаж жандарға көмектесуге, сенушілерге үміт пен қуаныш сыйлайтынын атап өтті.

«Барлық дәстүрлі діндер сияқты православие діні де тұрақты адамгершілік құндылықтарды нығайтуда, жастарды тәрбиелеуде және бай және алуан түрлі тарихи-мәдени мұраларымызды сақтауда маңызды рөл атқарады. Православие елдің прогрессивті ілгерілеуінің сенімді негізі – ұлттық бірлікті нығайтуға жан-жақты ықпал етеді.
Православиелік азаматтар Әділ Қазақстанды құруға және еңбек пен білімге табынуға, отансүйгіштікке, ынтымақ пен өзара жауапкершілікке негізделген жаңа әлеуметтік этиканы қалыптастыруға елеулі үлес қосатынына сенімдімін», — деді президент.

Поделиться: