Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Бельгия, Испания, Австрия, Италия, Швейцария, Корея, Үндістан және басқа елдердің журналистері бар.
«Аманат» партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов оларды үгіт және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, БАҚ штабының, сенімді өкілдер жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар мен жастар штабының қызметімен таныстырды.
"Бұл функционалды, жоғары технологиялық орталық сайлау науқаны кезінде белгілі бір шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік берді. Бір ай бойы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның құрамына кірген ұйымдардың өкілдері тәулік бойы жұмыс істеді. Штаб жұмысы қатаң түрде ашықтық, жариялылық және заңнамалық нормаларды сақтау қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылды», - деді Асхат Оралов.
Кездесу нәтижесінде шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өтіп, оның барысында Аманаттың жауапты хатшысы журналистерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламенттік Ассамблеясы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Америка Құрама Штаттары және басқа елдерден келген халықаралық байқаушылар штабтың сайлау кезеңіндегі қызметімен танысты.
Айта кетейік, үгіт-насихат кезеңінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 мыңнан астам ауылдық елді мекенді аралады. 3 миллион сайлаушыны қамтыған 24 мың үгіт-насихат шарасы өткізілді. Кездесулер барысында 40 мыңнан астам азаматтардың ұсыныс-тілектері жиналды.