Қазір кітапты тегін жүктеп алу оңай емес. Кейбір сайттар кітаптың орнына вирустар ұсынса, басқалары тұтас кітап атын жамылып, оның бір бөлігін ғана жібереді, ал басқалары мүлде кітапсыз, тек жарнамаға толы сайт болып шығады… Бұл топтамада сіз ең жақсы электронды кітапханаларды таба аласыз. Бұл тізімдегі кітапханалар сізді кітаптардың кең таңдауымен және пайдаланушыға ыңғайлы интерфейсімен қуантады. Барлық сайттар және олардық қосымшалары уақытпен сыналған.

Уақытпен сыналған! Ең үздік 5 онлайн кітапхана
Дереккөз

1. Bookmate

Bookmate – бұл орыс тілді онлайн кітапхана. Сіз онда виртуалды кітаптарды оқып қана қоймай, fb2 және ePub форматтарында өз кітаптарыңызды жүктеп, кейінірек оларды жеке кітапханаңызда сақтай аласыз. Қолданба өзіңіздің виртуалды кітап сөреңізді жасауға, оны Bookmate пайдаланатын достарыңызбен «бөлісуге», үшінші тарап пайдаланушыларының сөрелерін көруге және өзіңізге қызықты кітаптар қосуға мүмкіндік береді. Бұл кітапхананың ең басты үш артықшылығы: Интернетке қосылмай-ақ кітаптарды оқу мүмкіндігі, мобильді платформалар үшін клиенттердің болуы және олардың арасындағы деректерді синхрондау мүмкіндігін атап өтеміз. Яғни, сіз кітапты браузеріңізден оқи бастағаннан кейін оны планшетіңізге немесе смартфоныңызға оңай жүктеп алып, тоқтаған жеріңізден оқуды жалғастыра аласыз. Кітапханада 850 мың кітап бар және ол ресейлік платформалардағы ең үлкен кітапхана. Bookmate қосымшасын iOS, Android, Symbian-да жүктеп ала аласыз.

2. LitRes

LitRes қосымшасының кітапханасы екіге бөлінеді: ақылы және тегін. Ақылы нұсқада бәрі басқалардыкіндей: қолданбаны жүктеп аласыз, тіркелесіз, төлейсіз және қолданасыз. Әзірлеушілер 31 мың кітапты тегін оқуға мүмкіндік береді. Ақысына қысқаша жарнама экранының төменгі бұрышында пайда болады, алайда бұл оқырманға еш кедергі келтірмейді. Тегін кітаптардың көп бөлігі классикаға айналған туындылар. Қолданбаның жалпы қоры 750 мың кітапқа жетеді, яғни көлемі бойынша біздің топтамада автоматты түрде екінші орынға жайғасады. Сонымен қатар, литрдің аудиокітаптарды тыңдауға арналған қосымшасы бар екенін атап өткен жөн. iOS, Android, Symbian платформаларынан қосымшаны жүктеп алсаңыз болады.

3. My book

Бұл қолданбаның басты ерекшелігі — салыстырмалы түрде арзан бағаға сапалы кітаптарды оқу мүмкіндігі. My book кітапханасында 100 мыңға жуық кітап бар, оларға айына небәры 1 400 теңге төлеп, қол жеткізуге болады. Қолданбада кітаптарды ыңғайлы оқу үшін барлық қажетті параметрлер қосылған: қаріпті, әріп өлшемін және түнгі оқу режимін қосуға болады. My book қызметінің негізгі идеясы — әр кітапты бөлек ақыға сатып алмай, оқырманға кітапханадағы барлық кітаптарды оқуға бірдей мүмкіндік беру. Ақылы контенттен басқа 19 мың тегін кітапқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Тіркеуден кейін бірден бүкіл кітапханаға тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Яғни, ол пайдалануға кітапхананы сынауға уақыт береді, бірақ бір күн ғана. Жоғарыда аталған Bookmate кітапханасын бір ай бойы тегін пайдалануға болады. My book қосымшаның ерекшелігі — корпоративтік пайдалану мүмкіндігі. Мұндай келісім-шарттың құны 1 жылға 700 мың теңгеден басталады.

4. Google Play Books

Қарапайым, әдемі және түсінікті – Google-дан Google Play Books қосымшасын осылай сипаттауға болады. Қолданбаның мазмұны ішінара кітап дүкенімен байланысты, онда сіз өз кітапханаңызды жүктеп ала аласыз, содан кейін оны Google Play Books көмегімен ашасыз. «Менің кітапханам» бөлімі басқа қолданбалар сияқты кітаптары бар сөрелердің аналогы болып табылады және «негізгі» бетінде барлық жақында қаралған кітаптарды жинайды. Жүктеп алынған кітаптарды кейін офлайн режимде оқу үшін кэштеуге болады. Кітап дүкенінің интерфейсі басқа Google өнімдері, мысалы, Google Play Films сияқты жасалынған. Тіркелу үшін қолданбаға тек Google есептік жазбаңыз қажет. Мұнда әр кітапты бөлек сатып аласыз, алайда тегін кітаптар да жетерлік.

5. iBooks

iBooks – тек iOS платформасындағы гаджеттердің иелеріне арналған қолданба. Google Play Books компаниясының інісі, iBooks Google қолданбасы сияқты барлық функцияларды орындайды: өзіңізге ыңғайлы уақытта қажетті кітаптарды тауып, жүктеп алып оқи аласыз, сонымен қатар дүкен арқылы жаңа заттарды сатып ала аласыз. Қолданба кітаптарды бұлтта сақтауға және оларды кез келген iOS құрылғылары арасында синхрондауға мүмкіндік бар. iTunes дүкенінен кітаптарды стандартты сатып алудан басқа, пайдаланушы iTunes арқылы компьютерден кітаптарды жүктей алады.

Поделиться: