Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Ниш қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.
Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram-дағы өзінің парақшасында.
Назым қазақ боксы тарихындағы әлем чемпионатын үш рет ұтқан алғашқы спортшы атанып отыр.