«Уэнсдэй» сериялының жұлдызы "зорлық-зомбылық" жасады деп айыпталды


Бірнеше қыз полицияға шағым түсірген.

Starhit.ru сайтының хабарлауынша, «Уэнсдэй» сериалында Ксавье Торпты сомдаған Перси Хайнс Уайт атышулы жанжалға ұшырады. 21 жастағы актер "зорлық жасады" деп айыпталған. Кино жұлдызы атышулы жағдайға қатысты пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартып, әлеуметтік желілердегі хабарламаларды өшірген.

Бірнеше қыз сәрсенбі күні 21 жастағы актер Перси Хайнс Уайтты жыныстық зорлық жасады деп айыптады. Олардың айтуынша, актер Торонтода мектепте оқып жүргенде-ақ сұлу оқушыларға әдепсіз ұсыныстар тастаған.

«Мен Перси Хайнс Уайтты жаңа сериалдан көргенде қатты таң қалдым… Ол маған сауықкештердің бірінде шабуыл жасаған. Мен жалғыз емеспін», - деп жазды жәбірленушілердің бірі әлеуметтік желіде.

Тағы бір жәбірленуші тіпті Персидің оны зорлау үшін коктейльге бірдеңе салып бергенін айтты. Жанкүйерлері актер шынымен де оқушы қыздарға осылай қарады ма деген сұрақ туындауда.

Бірнеше бойжеткен полицияға жүгінгенімен, олардың мәлімдемесі қабылданбады. Актердің өзі жанжалға жауап бермейді және ештеңе болмағандай әлеуметтік желілерін жүргізуде, бірақ ол пікірлерді жауып тастаған.

Уайт «Уэнсдэй» телевизиялық жобасы шыққаннан кейін кеңінен танымал болды. Бұған дейін актер Supernatural, Challenge, The Дарынды фильмдерде ойнаған. Айтпақшы, жас жігіттің ата-анасы танымал актерлер Джоэль Томас Хайнс пен Шерри Уайт.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше