Оған 42 қылмыс бойынша жаза тағайындалды.
Қырғызстанда Созақ ауданының 43 жастағы тұрғыны өз қызын көп уақыт бойы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы журналистерге зардап шеккен тараптың адвокаты Мұнара Ақылбекова хабарлады.
«Тергеу барысында 42 қылмыс бойынша айып тағылды. Ер адам 154 және 155-баптар бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы 15 жылдан бас бостандығынан айырылады. Оларды қосу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды », - деді ол.
Созақ ауданында қызын зорлады деген күдікпен 43 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы полиция 28 наурызда хабарлады.
Азаттық тілшісіне берген сұхбатында жәбірленуші қызды әкесі алғаш рет 2012 жылы жеті жасында зорлағанын айтты. Қыздың айтуынша, зорлық он жыл бойы жалғасқан. Қыз анасына барлығын Бішкекке оқуға түскеннен кейін ғана айтуды жөн көрді.
Сотталушы тарап жәбірленушінің сөздері мен сот шешіміне әлі түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін сотталушы өз кінәсін мойындамай отырғаны хабарланған болатын. Ер адамның айтуынша, әйелі мен қызы оны үй мен материалдық пайда үшін жала жауып отыр деген еді.