Қытай Халық азаттық армиясы америкалық «Чанселлорсвилл» зымырандық крейсерінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі Наньша аралдарымен іргелес суларға заңсыз басып кіргені туралы хабарлады, деп жазады esquire.kz Global Times басылымына сілтеме жасап.

Қытай АҚШ әскери кемесі ел аумағына басып кірді деп мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден

Қытай Халық азаттық армиясының Оңтүстік аймақтың жауынгерлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Тянь Цзюнли АҚШ әскерінің әрекеті Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздігін елеулі түрде бұзды деп мәлімдеді. Қытай армиясы бұл Вашингтонның навигациялық гегемонияға және Оңтүстік Қытай теңізін милитаризациялауға ұмтылуының дәлелі деп санады.

Цзюнли сондай-ақ Қытай Халық азаттық армиясының Әскери-теңіз күштері мен Әуе күштерінің Chancellorsville крейсерін ескерту және ілесу үшін іс-шаралар ұйымдастырғанын, нәтижесінде кеменің Наньша аралдары маңындағы суларды тастап кеткенін айтты.

Бұл ретте АҚШ-тың 7-флоты Қытайдың аумақтық суларына «Чанцлерсвилл» крейсерінің басып кіруі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Флоттың Twitter аккаунтында кеменің халықаралық құқыққа сәйкес жүзгені айтылған.

Поделиться: