Зүлфия Сүлейменова Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Зульфия Булатқызы Сүлейменова Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Сүлейменова 2023 жылдың сәуірінен қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болған. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған.