Қазақстандық заңгер Анна Чернова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасауды жоюды сұрады.
Ол 2018 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылған Бишімбаев күтілгеннен әлдеқайда ерте босатылғанын еске салды.
"Сот оны кінәлі деп тапты, бірақ біраз уақыттан кейін Бишімбаев кешірім сұрады. Сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев оны қанағаттандырып, жарлық шығарып, жазасын 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартты. Содан кейін сот оны шартты түрде бостандыққа шығарды", - деп жазды адвокат.
Ал енді Бишімбаев өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Анна Чернова экс-министр 2028 жылға дейін түрмеде отырғанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді деп есептейді.
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңға сәйкес, 24-бапта Республика Президентінің жарлықтарының күшін жою Республика Президентінің жарлықтарымен жүзеге асырылады деп көрсетілген. Осыған орай, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден заңды негіздер болса, Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы Қ.Бишімбаевқа кешірім жасау туралы Жарлығының күшін жоюды қарастыруыңызды сұраймын», - деп толықтырды адвокат.
Чернова жариялаған жазба соңғы бірнеше сағатта көп қаралым жинады. Ғаламтор қолданушылары рақымшылықтың күшін жою туралы ұсынысты жаппай қолдап жатыр.