Жасанды интеллектті қолданатын Apple Intelligence ВВС атынан жалған жаңалық таратқаннан кейін американдық технологиялық алпауыттың атына шағым түсірді.
Жасанды интеллект Нью-Йоркте медициналық сақтандыру компаниясының бас директоры Брайан Томпсонды өлтірді деп айыпталған Луиджи Манджоне туралы "Манджоне өзін-өзі атып өлтірді" деген тақырыпта жалған хабарлама таратқан.
Осы оқиғадан кейін репортерлер тобы Apple компаниясынан "Apple Intelligence" жасанды интеллегін алып тастауға шақырды. Apple ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Apple Intelligence өткен аптада Ұлыбританияда іске қосылды.
RSF деп те аталатын «Шекарасыз репортерлар» ұйымы AI құралдарының БАҚ-қа төндіретін қауіп-қатерлеріне қатты алаңдайтынын және "бұл оқиға генеративті AI қызметтері халыққа сенімді ақпарат беру үшін әлі жетілмегенін дәлелдеді" деп мәлімдеді.
RSF Apple компаниясын осы мүмкіндікті жою арқылы жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады. Олардың сөзінше, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ақпаратты автоматтандырылған өндіру БАҚ беделіне нұқсан келтіреді және қоғамның ағымдағы оқиғалар туралы сенімді ақпарат алу құқығына қауіп төндіреді.
BBC News атынан жалған хабарлама тараған кезде, BBC өкілі «мәселені көтеріп, оны шешу үшін» Apple компаниясымен хабарласқанын айтты.