Жапонияда телефонға телмірген велосипедшілер түрмеге жабылады

Пандемия кезінде Жапонияда велосипедшілер саны өсті. Жұма күні енгізілген жаңа ережелерге сәйкес велосипед айдау барысында ұялы телефонды пайдаланатын жүргізушілер алты айға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.


япония велосипедисты
Фото: pixabay.com

Қайта қаралған жол қозғалысы туралы заңын бұзғандар ең көп дегенде алты айға дейін бас бостандығынан айырылу немесе 100 000 иен (655 доллар; 508 фунт стерлинг) айыппұлмен жазалануы мүмкін.

Велосипедшілердің қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың саны 2021 жылы көтеріле бастады, өйткені пандемия кезінде көбірек адамдар қоғамдық көлікті пайдаланбай, велосипедпен жүруді таңдады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. 

Телефонды пайдалануды шектеуден басқа, жаңа ережелер алкогольдік мас күйінде мінген велосипедшілерге де бағытталған, олар үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі немесе 500 000 иен (3 278 доллар; 2 541 фунт) айыппұл төлейді.

Жаңа заңдар күшіне енгеннен кейін бірнеше сағат өткен соң, Осака билігі жұма күні бес заң бұзушылық тіркелгенін растады, оның ішінде мас күйінде велосипед теуіп жүрген екі ер адам ұсталды. Ер адамдардың бірі басқа велосипедшімен соқтығысқан, бірақ зардап шеккендер жоқ.

Жаңа ережелерге сәйкес, жол-көлік оқиғасына себепші болған велосипедшілерге 300 000 иенге (2000 доллар; 1500 фунт стерлинг) дейін айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Жапонияда жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азаюы мүмкін, бірақ велосипед апаттары өсуде. Жапонияда 2023 жылы 72 мыңнан астам велосипед апаты тіркелді, бұл елдегі барлық жол-көлік оқиғаларының 20%-дан астамын құрайды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында велосипедшілер телефондарын пайдаланған жол апатынан бір адам қаза тауып, 17 ауыр жарақат алды — полиция 2007 жылы мұндай статистиканы тіркей бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Полицияның мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдар аралығында велосипедшілердің телефонды пайдалануынан болған 454 жазатайым оқиға болды, бұл алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда 50%-ға көп.

Өткен жылы билік велосипедшілерге шлем киюді міндеттеді. Мамыр айында Жапония парламенті полицияға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін велосипедшілерге айыппұл салуға рұқсат беретін заң жобасын қабылдады.

Көптеген басқа елдерден айырмашылығы, Жапонияда тротуарларда велосипедпен жүру заңды және әдеттегі тәжірибе.

Источник фото

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше