Daily Mail басылымының жазуынша, жаңа қаптама әлеуметтік желі қолданушыларында түсініксіздік туғызды.
43 жастағы Меган джемді ақ түсті жапсырмалары және алтын бөлшектері бар банкілерде ұсынды, оның ішінде логотип және металл қақпақ та бар. Сонымен қатар, сатып алушылар өнімді ақ түсті әдемі қорапта алады, ол банкіден екі есе үлкен.
Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі бұл қаптаманың көбіне хош иісті майлар немесе шамдар үшін жасалған қорапқа ұқсайтынын айтып, оның экологияға теріс әсер етуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
«Меган, бұл тек джем! Оған тұтас презентация қажет емес. Бұл қаптама тым артық», — деп пікір білдірді қолданушылардың бірі.
Тағы бірқатары қаптаманың бағасы қаншалықты қымбаттайтынын және кішкентай банкі үшін осындай үлкен қорапты қолданудың қаншалықты орынды екенін сұрады.
Брендтің Instagram парақшасында өндіріс желісінің суреті жарияланды, онда жұмысшылар пластик қолғап киіп, банкілерді малинамен толтырып жатқанын көруге болады. Публикация Меганның жақын достарынан, соның ішінде оның «Форс-мажорлар» сериалындағы бұрынғы әріптесі Эбигейл Спенсерден лайк алды.