Кітаптың тұсаукесері Астанада өтеді.
Сондай-ақ, Рубини көптеген адамдарға "доктор" лақап атымен танымал. Бұл оның айтарлықтай нақты экономикалық болжамдар жасауымен байланысты. Атап айтқанда, 2008 жылғы экономикалық дағдарысты екі жыл бұрын болжап берген.
Рубинидің жаңа кітабы «Жаңа Қазақстан» деп аталады.
"Мен 9 маусымда Астанада өтетін осы маңызды жаңа кітаптың тұсаукесерін асыға күтемін. Қазақстан – маңызды ел және орта деңгейдегі ықпалды держава», – деп жазды экономист өзінің Twitter парақшасында.
Кітаптың тұсаукесері 9 маусымда "Астана халықаралық форумы" аясында өтеді.