Жасөспірім ұйықтап жатқан анасын пышақтаған. Жанжалға ұялы телефон себеп болған.

Қайғылы оқиға 16 қаңтарда Жапонияның Сидзуока префектурасында болды, деп хабарлайды NHK басылымы. Қоңырауға келген полицейлердің үйден жаралы әйелді тауып алған, ол көп ұзамай алған жарақаттарынан көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, анасына 13 жасар қызы шабуыл жасаған. Кейін бала анасын өлтіргенін растады.

Бойжеткен полицияға смартфон себеп болғанын айтқан. Тәртіп сақшылары жасөспірімді қиын балаларға арналған арнайы мекемеге орналастырды. Бала заң бойынша қылмыс үшін жауап бермейді — себебі ол 14 жасқа толмаған.

Психологтар балалардың гаджеттерге тәуелділігін ауру деп атайды. Мұндай әдет балалардың 2-5 пайызында расталады дейді маман Ольга Третьякова. «Гаджеттік тәуелділікті» ересектердің өздері қалыптастырады, деп баса айтты психолог.

Поделиться: