Фильм үш апта бойы кинотеатрларда көрсетіледі.
Режиссер Елдар Қапаров түсірген фильм 17 жасында тұтқынға түсіп, Карлагта 10 жылын өткізген жапондық әскери қызметкер Ахико Тецуроның тағдырын баяндайды. Ол бостандыққа шыққан соң Қазақстанда қалып, отбасын құрады. Кейіпкердің өмірі соғыс жылдарымен тұспа тұс келді.
Фильмнің продюсері – көрермендерге «Жаужүрек мың бала» және «Сталинге сыйлық» фильмдерінен танымал Әлия Увалжанова.
Фильмнің премьерасы Токиода екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай өтті.
"Сол жылдар, соғыс жылдары қаншалықты қиын болғанын көп адам түсінеді деп ойлаймын. Маған фильм қатты ұнады. Бұл туынды мен үшін сәл ауыр. Сондықтан көрген бойда көз жасымды тоқтата алмадым», – деп фильмді жоғары бағалады басты кейіпкердің қызы Ирина Ахико.
Фильм үш апта бойы кинотеатрларда көрсетіледі. Келесі жылы Еуропа елдерінде премьералық көрсетілімдер күтілуде.