Ақылды және жылдам жасанды интеллект жасайтын AI жарысының соңы апатқа әкелуі мүмкін.
Бұрынғы OpenAI негізгі зерттеушісі Пол Кристиано бұл жарыстың «апатпен» аяқталуының және «адамдардың көпшілігі өлетінінің» 50% ықтималдығы бар екенін ескертті.
Пол Кристиано бұған дейін OpenAI-те тіл үлгісін түзету тобын басқарған. Қазір ол машиналық оқыту жүйелерін адамзат мүдделеріне сәйкес келтіруге арналған «Alignment Research Center» коммерциялық емес ұйымын басқарады.
"Менің ойымша, жасанды интелекттің адамзатты жаулап алу мүмкіндігі 10-20 пайызды құрайды, салдарынан көптеген адамдар өледі. Жалпы алғанда, бізде апаттың ықтималдығы 50/50 екенін айтып отырмыз",- деді Пол Кристиано.
2023 жылдың басында ғалымдар AI жарысын адамдардың стратегия жасауға уақыты болғанша тоқтата тұруға шақыратын ашық хатқа қол қойды.
Жасанды интеллектті Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс пен Tesla бас директоры Илон Маск да білдірді.