Жасанды интеллект Қазақстан үкіметін алмастырады ма


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллект Қазақстан үкіметі мүшелерін алмастыра ала ма, жоқ па, соны айтты.

Фото: pixabay

Саясат Нұрбектің айтуынша, көптеген зерттеулердің нәтижесі жұмыс күшінің белгілі бір бөлігі алгоритмдермен алмастырылатынын көрсетіп отыр.

«Үкімет мүшелері туралы айту әлі ерте. Қытайда үлкен әлеуметтік эксперименттер бар, мысалы, HR қызметтерін ауыстыру үшін алгоритмдер енгізілуде, тіпті кейбір алгоритмдерді басқарумен ауыстыру әрекеті болды. Өкінішке орай, бұл әзірге жақсылыққа әкелген жоқ», - деді ол.

Журналистер министрден суперкомпьютерлер жол бойындағы дәретхана мәселесін шешуге көмектесе ме деп сұрады.

«Ақпарат көлемі артып келеді. Енді бұл ақпаратты талдау және өңдеу үшін мидың күші жеткіліксіз. Сондықтан күрделі, үлкен тапсырмаларды орындау үшін суперкомпьютер қажет», – деп Нұрбек төте жауаптан жалтарып қалды.