Бүгін Алматы қаласында болған жер сілкінісіне қатысты төтенше жағдайлар министрлігі брифинг өткізді.

Жер сілкінісі қайталанады ма? ТЖМ жауап берді
Фото: ТЖМ

Жер сілкінісіне байланысты өткен брифингте журналистердің “жер сілкінісі қайталанады ма?” деген сұрағына сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының басшысының орынбасары Узбеков Нұрсәрсен Болатайұлы жауап берді:

” Өздеріңізге мәлім, бүгін сағат 11:22-де Алматыдан оңтүстікке қарай орналасқан 31 шақырым жерде дүмпу болды. Одан кейін басқа дүмпулер тіркелеген жоқ. Дүмпу ошағы қазіргі сәтте сейсмикалық приборлармен қатаң бақылауға алынды. Бұған дейін осы ошаққа жақын жерде екі жер сілкінісі болған. Нақтырақ айтсақ, 1990 жылы сәуір айында және 2015 жылы наурыз айында. Екі жағдайда да жер сілкінісі қайталанбаған. Осыған орай, ілеспе дүмпулердің қайталану ықтималдығы төмен”, — деді Нұрсәрсен Болатайұлы.

Поделиться: