Оқкеш Кавак жер асты дүмпуіне төтеп бере алмаған үйлерді тұрғызған құрылыс компаниясының ісіне қатысы бар делінген.
Түркияда жер сілкінісінен толық қираған Нұрдағы қаласының мэрі Оккеш Кавак қамауға алынды, деп хабарлады Sozcu.
Бұдан бұрын Газиантеп провинциясында орналасқан бұл қала толық сүріліп, қайтадан салынатыны айтылған. Нұрдағы қаласында үйіндіге айналған ондаған үйді қала кеңесінің мүшесі, жақында Мерсинде қолға түскен Юнус Кайдың компаниясы тұрғызған.
Белгілі болғандай, Юнус Кай Оккеш Кавак қала мәрі болғанға дейін басқарған құрылыс компаниясымен бірлескен жобаларды жүргізген. Кейін Оккеш Кавак компаниясын ағасына басқаруға берген. Қала мэрі қомпаниясы бірлесіп салған ғимараттардың құрылысына тексеру жүргізбеген.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 44 218 адам жер сілкінісінің құрбаны болды. 340-қа жуық топ-менеджерлер мен құрылыс компанияларының қызметкерлері қамауға алынды.