Зорлау фактісі бойынша айыпталған Дональд Трамп журналистті сотқа берді


АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Манхэттендегі федералды сотқа журналист және жазушы Элизабет Жан Кэрроллды жала жапты деп айыптап, сотқа берді.

Сурет коллаж: esquire.kz

Еске салайық, мамыр айында Манхэттендегі федералды соттың алқабилері Дональд Трампты Жан Кэрроллды жыныстық қудалау үшін кінәлі деп тапты. Қазылар алқасы саясаткердің журналистті зорлағанымен келіспеді, бірақ ол оған қарсы «сексуалдық әрекеттер» жасады деп шешті. Трамп Кэрроллға моральдық шығын ретінде 2 миллион доллар, сондай-ақ оның жала жабу туралы сот ісі бойынша тағы 3 миллион доллар төлеуі керек.

Экс-президент зорлау фактісі дәлелденбегендіктен, журналистің айтқандары өтірік сөз деп есептейді. Енді ол сот арқылы Кэрролдың зорлағаны туралы бұрынғы айыптауларын жоққа шығаруды, сондай-ақ өтемақы мен айыппұлды төлеуді талап етпекші.

Журналистің адвокаты Роберта Каплан саясаткердің талап-арызын жазаны кейінге қалдыру әрекеті ғана екенін айтты.

«Трамп тағы да логикаға да, фактілерге де қарсы шығып, Кэрроллға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтаған қазылар алқасының шешімін мойындамады», - деді ол.

Кэррол алғаш рет 2019 жылдың жазында болған оқиға туралы айтты. Оның кітабында Трамппен 1996 жылы Нью-Йорктегі Бергдорф Гудман әмбебап дүкенінде кездескені айтылған. Олардың арасында достық әңгіме өрбіді, содан кейін Трамп оны басқа әйелге сыйлық ретінде қарастырған іш киімді киіп көруге шақырды. Журналистің айтуынша, Трамп онымен бірге киім-кешек бөлмесіне кіріп, оны зорлаған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше