Қазақмыс кеніштерінің бірінде жұмыскер қаза тапты


«Қазақмыс» компаниясының жүргізушісі Ұлытаудағы шахтада қаза тапты. Ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады.

Илюстративті сурет ашық дереккөзден

"Қазақмыс компаниялар тобы 2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында Ұлытау ауданында орналасқан Жыланды кенішінде болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды",- деп жазды компания.

Компанияның баспасөз қызметі хабарланғандай, сағат 18:30-да Шығыс Сары-Оба кенішінің учаскелерінің бірінде жүргізуші жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, 1992 жылы туған жүргізушіні абайсызда қағып кеткен. Ер адам қайтыс болды.

Қазір арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты алдын ала тергеу қорытындысы бойынша 7 адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын бұған дейін белгілі болған еді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше