«Қазақмыс» компаниясының жүргізушісі Ұлытаудағы шахтада қаза тапты. Ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады.
"Қазақмыс компаниялар тобы 2023 жылдың 26 желтоқсанында Ұлытау ауданында орналасқан Жыланды кенішінде болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды",- деп жазды компания.
Компанияның баспасөз қызметі хабарланғандай, сағат 18:30-да Шығыс Сары-Оба кенішінің учаскелерінің бірінде жүргізуші жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, 1992 жылы туған жүргізушіні абайсызда қағып кеткен. Ер адам қайтыс болды.
Қазір арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты алдын ала тергеу қорытындысы бойынша 7 адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын бұған дейін белгілі болған еді.