Қазақстанға ең көп туристер қай елдерден келеді


Ұлттық бюроның статистикасына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңде Қазақстанға 834,9 мың шетелдік турист келген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 225 мыңға көп.

Дереккөз

2022 жылмен салыстырғанда өсім 37%-ды құрады. Туризм министрлігінің айтуынша, шетелдік келушілердің географиясы кеңейген.

2023 жылдың тоғыз айында елімізге саяхатшылардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген.

Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанға 356 850 ресейлік турист келіп, Ресей тізімде көш бастап тұр. Қытайдан келген 75 131 адаммен екінші орынға жайғасса, Түркиядан келген туристер 41 134 адаммен үшінші орында. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) кіреді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше