Рыбакина Қазақстанның теннис құрамасының фотосессиясына қатысқан жоқ

Теннисшілер Брисбенде Австралия мен Колумбия құрамаларына қарсы ойнайды.


Фото: ФТК баспасөз қызметі
Фото: ФТК баспасөз қызметі

Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы австралиялық Брисбенде ойындарына дайындық барысында жергілікті зообаққа барды. Ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы коала қасымен фотосессия жасап, кенгуруларды көрді, деп хабарлайды ФТК баспасөз қызметі.

Мұндай сәттер командаға жарыс атмосферасынан біраз үзіліс алуға, оң эмоциялармен қуат алуға және алдағы кездесулерге дайындалуға көмектеседі.

Рыбакина Қазақстанның теннис құрамасының фотосессиясына қатысқан жоқ
Жібек Құламбаева. Фото: ФТК баспасөз қызметі
Рыбакина Қазақстанның теннис құрамасының фотосессиясына қатысқан жоқ
Зарина Дияс. Фото: ФТК баспасөз қызметі
Рыбакина Қазақстанның теннис құрамасының фотосессиясына қатысқан жоқ
Юлия Путинцева. Фото: ФТК баспасөз қызметі

Құраманың көшбасшысы Елена Рыбакина командалық фотоға үлгермей қалды, себебі ол Брисбенге түнде ұшып келген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы әлемдік командалық «Билли Джин Кинг кубогы» чемпионатының іріктеу кезеңіне белсенді дайындалып жатыр. Теннисшілер 10 сәуірде Австралияға және 11 сәуірде Колумбия құрамасына қарсы ойнайды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше