Қазақстанда әзірленген алғашқы қатерлі ісікке қарсы препаратты 2027 жылы нарыққа шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстандық ғалымдар ісікке қарсы DVC препаратын әзірлеуді аяқтауда. Оны 2027 жылдың ортасында нарыққа шығара бастау жоспарланып отыр


Pexels фотосы
Pexels фотосы

Бұл туралы 12 қарашада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде хабарлады. Оның айтуынша, клиникалық сынақтардың алғашқы кезеңі сәтті аяқталды, зерттеушілер енді екіншісіне кіріседі. Бұған дейін дәріні іске қосу оның қауіпсіздігі мен тиімділігін тексеруге қойылған қатаң талаптарға байланысты бірнеше рет кейінге шегерілген.

Әзірлемемен Назарбаев Университеті жанындағы Астана Ұлттық зертханасының профессоры Дос Сарбасов жетекшілік ететін тобы айналысады. Зерттеулер Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жүргізілуде.

Эксперименттік емдеу өзегінде С витаминінің ерекше түрі мен мышьяктың үш тотығының төмен концентрациядағы үйлесімі жатыр. Препарат ісіктің KRAS гені мутациялары бар жасушаларымен күресуге арналған, мұндай мутациялар қатерлі ісіктің кейбір агрессивті түрлерінде кездеседі. Заттар комбинациясы мұндай жасушалардың өміршеңдігіне қажетті үдерістерді бұзады деп болжанады.

Пациенттердің қатысуымен алғашқы сынақтар бірнеше жыл бұрын басталды. Зерттеулер барысында мамандар әртүрлі дозалардың көтерімділігін тексеріп, организмнің реакциясын зерделеуде. Әдістің түпкілікті тиімділігі әзірге анықталған жоқ.

2027 жылдың ортасына дейін әзірлеушілер қажетті зерттеулерді аяқтап, препаратты кезең-кезеңімен нарыққа шығара бастаймыз деп күтеді. Алайда оны клиникалық практикада қолдану үшін қалған сынақтардан өтіп, мемлекеттік тіркеуден өту қажет болады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше