U2 Rock & Roll Hall of Fame салтанатын күтпеген жерден ашты, ал Aerosmith пен Run-DMC сахнада қайта қауышты

Рок-н-ролл Даңқ залының жаңа мүшелерін таныстыру салтанаты қалай өтті


Фото Amy Sussman/WireImage
Фото Amy Sussman/WireImage

Лос-Анджелесте рок-н-ролл Даңқ залының жаңа мүшелерін таныстыру салтанаты өтті. Кештің басты сәттері арасында U2-дің тосыннан сахнаға шығуы, Red Hot Chili Peppers тобының Рик Рубиннің кейпіндегі перформансы және Aerosmith пен Run-DMC-дің бірлескен нөмірі болды.

Іс-шара 14 қарашада Peacock Theater алаңында өтті. Алғашқы тосын сыйлардың бірі U2-дің сахнаға шығуы болды: музыканттар алдын ала хабарламай-ақ салтанатты рәсімді жаңа Carnaval De Luz альбомындағы Silencio композициясымен ашып, артынша Pride (In the Name of Love) әнін орындады.

Ерекше назарға Red Hot Chili Peppers ілікті. Музыканттар ақ парик, жалған сақал және көзілдірік тағып, продюсер Рик Рубиннің танымал бейнесін қайталады. Осылайша топ оны Musical Excellence Award марапатымен құттықтады. Музыкалық арнау ретінде RHCP Рубин 1991 жылы продюсерлік еткен Blood Sugar Sex Magik альбомындағы Give It Away композициясын орындады.

Кештің финалы Aerosmith және Run-DMC өнер көрсетуімен түйінделді. Әртістер бірге рок-музыка мен хип-хопты тоғыстырған ең көрнекті үлгілердің бірі саналған Walk This Way композициясын шырқады.

Салтанатқа қатысқандар арасында Фил Коллинз, Билли Айдол, Wu-Tang Clan, Oasis, Iron Maiden, Sade және Joy Division / New Order болды. Алайда шақырылған әртістердің бәрі Лос-Анджелеске келе алмады.

Oasis рәсімді жіберіп алды: Ноэл Галлахер Лондонда өткен джаз фестивалінде өнер көрсетіп жатса, Лиам АҚШ-қа келмеді. Ол әлеуметтік желілерде арақашықтықтың тым алыс екенін айтып, егер Ұлыбританияда өтсе, салтанатқа уақыт табар едім деп қалжыңдады.

Iron Maiden де Австралия турының кесірінен шараға қатыса алмады. Sade ұйымдастырушыларға мойындағаны үшін алғыс айтып, бірақ марапатты өзі келіп алған жоқ. Joy Division және New Order атынан тек бас гитарист Питер Хук қатысты. Оның бұрынғы әріптестері Бернард Самнер, Стивен Моррис және Джиллиан Гилберт музыкантпен арадағы ескі кикілжің аясында салтанатты рәсімге келген жоқ.

Салтанаттың теленұсқасы 8 желтоқсанда ABC арнасында көрсетіледі, содан кейін ол стриминг платформаларында қолжетімді болады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше