Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті ұрлық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

«Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды
Фото ашық дереккөзден

«Алматы қаласы Бостандық аудандық соты киностудияның бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Ол Алматы облысындағы Іле өзенінің жағасында «Көшпенділер» киножобасына салынған жалған «Түркістан сити» бекінісін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Бекініс нарықтық құнынан 44 есе төмен бағаға салынып, заңсыз сатылып, мемлекетке шығын келтірілді», — деп хабарлады ведомство 7 маусымда.

Жұбандықов бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Активтерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

Поделиться: