Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтары Қазақстанға жиі келетін елдерді атады.

Қазақстанға ең жиі келетін шетелдіктер анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 10 мамыры аралығында Қазақстан аумағына келесі мемлекеттерден осынша азаматтар кірген:

  • Өзбекстан Республикасы – 1 598 656 адам;
  • Қырғыз Республикасы – 1 015 553 адам;
  • Ресей Федерациясы – 854 937 адам;
  • Тәжікстан Республикасы – 332 177 адам;
  • Беларусь Республикасы – 47 342 адам;
  • Әзірбайжан Республикасы – 30 550 адам;
  • Түрікменстан – 9671 адам;
  • Украина – 9018 адам;
  • Армения Республикасы – 5194 адам;
  • Молдова Республикасы – 3059 адам.

2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазбалардың орта есеппен 6,5 пайызға өскені байқалады. Шетелдіктердің айтуынша, олар Қазақстанға жеке көлік жүргізушісі ретінде немесе транзитпен кіреді.

Поделиться: