Қазақстанда ауруханалар мен адам көп жиналатын орындарда бетперде режимі қайта оралуда.

Қазақстанда "маска режимі" қайта оралды
Дереккөз

«Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен келушілердің медициналық бетперде киюін, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін», — делінген Денсаулық сақтау министрінің қаулысында.

Денсаулық сақтау министрлігі бетперде кию қызылша, коронавирустық инфекция, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қажет екенін атап өтті.

Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын орындарда бетперде кию ұсынылады. Бұл әуежайлар, вокзалдар, автовокзалдар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер және басқалар, көліктің барлық түрлерінде – қоғамдық көлікте, әуеде, теміржолда.

Поделиться: