ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов сақ стиліндегі жаңа банкноттардың шығарылуына қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда неліктен банкноттар жиі ауысады
Фото

28 маусымда ағымдағы жылғы үлгідегі жаңа үлгідегі номиналды құны 10 мың теңгелік банкноттар айналысқа шығады.

«Біз заң жобасы сәтті болды деп ойлаймыз. Мен дизайнға жауап бере алмаймын, себебі шығармашылық адам емеспін. Жаңа банкноттар туралы оң пікірлерді көп естідім. Оның үстіне жуырда Техастағы халықаралық банкнот көрмесінде біздің банкнот «Арнайы шығарылымдағы ең үздңк банкнот» деп танылды. Осылайша, әлем біздің банкноттарымызды жоғары бағалады», — деді Сүлейменов Ұлттық банк отырысында.

Оның айтуынша, жаңа банкноттардың дизайнына мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлінбеген.

«Бізде Ұлттық банктің штатында жұмыс істейтін дизайнерлер тобы бар, сондықтан біз ешкімді қосымша тартқан жоқпыз. Олардың өздері біздің барлық мұражайларды аралады, Берелге, Алматы облысына барды. Сақ стилі идеясын Ұлттық банктің ішкі жобалау тобы жасады», — деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ ол Қазақстанда банкноттардың неліктен жиі ауыстырылатынын түсіндірді.

«Бұл бірінші кезекте қорғаныс дәрежесін арттырады. Екіншіден, олар қолдан қолға ауысып тез тозады. Миллиардтаған банкноттарды қоқысқа тастауға тура келеді, орнына жаңасыен ауыстырылады», — деп қосты Сүлейменов.

Банкноттардың сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыру банк жұмысындағы маңызды критерийлердің бірі болып табылады, деп түйіндеді ол.

Поделиться: