Сіздің де махаббат туралы кітаптарды жыл бойы оқығыңыз келеді ме? Күшті сезімдер мен эмоциялар туралы романтикалық әңгімелер жазғы демалыс кезінде керемет компания, ал күз бен қыста сізді жылытады. Бүгінгі топтамада танымал әлемдік романстар туралы айтамыз.

Қазақ тіліне аударылған "махаббат" туралы топ-5 әлемдік классика
Дереккөз
  1. «Тәкаппар ғашықтар», Джейн Остин
Қазақ тіліне аударылған "махаббат" туралы топ-5 әлемдік классика

«Тәкаппар ғашықтар» (Pride and Prejudice) — ағылшын жазушысы Джейн Остиннің ең танымал романы. Бұл — ХІХ ғасырдың басындағы әдет-ғұрпы қатал, қыз баланы тезірек тұрмысқа беруді абырой санайтын ағылшын қоғамында өрбитін шынайы ғашықтық хикаясы. Роман ел арасында құрметті, бірақ кедей тұратын, 15 пен 20 жас аралығындағы 5 қызы бар Беннеттер отбасының өміріндегі оқиғаларды және Элизабет Беннет пен Фицуильям Дарсидің арасындағы мөлдір махаббатты баяндайды. «Тәкаппар ғашықтар» кітабы әдепкі махаббат романы емес. Оның ғашықтық тақырыбын көтеретін өзге туындылардан айырмашылығы — ессіз құштарлық көріністерінің, ұзақ та зеріктіретін диалогтардың жоқтығы. Кітаптың баяндау тілі қарапайым, кейіпкерлердің мінез-құлқы тартымды, сондай-ақ жеңіл мысқыл да кездеседі.

2. «Алғашқы махаббат», Иван Тургенев

Қазақ тіліне аударылған "махаббат" туралы топ-5 әлемдік классика

Қолыңыздағы кітапта көрнекті қаламгер И.С. Тургеневтің өзі «өлімнен де, өлімге деген қорқыныштан да күшті» деп атаған – махаббат сезімі туралы үш хикаяты беріліп отыр. «Алғашқы махаббат» повесінде жазушының бозбала шағында басынан кешкен алапат сүйіспеншілік сезімі мен одан туған тартысты оқиғалар суреттеледі. «Ася» шығармасында басты кейіпкер – қарапайым да сезімтал «Тургенев сұлулары» образына сай Ася есімді 17 жасар бойжеткен мен 25 жасар жігіттің махаббат трагедиясы баяндалады. Ал «Бекет үй» повесі адамгершілік асыл қасиеттер мен нәзік сезімнің парқына бармаған помещик Акимнің өмірі жайлы. И. Тургеневтің бұл шығармалары оқырманның көңіл толқындарын тербетіп, сырлы сезімнің сиқырына бөлері анық. Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.

3. «Қызыл мен қара», Стендаль

Қазақ тіліне аударылған "махаббат" туралы топ-5 әлемдік классика

Бұл романға уақытында көптеген елдерде тыйым салынған. Жазушының өзі «ХІХ ғасырдың хроникасы» деп анықтама берген бұл шығармадан ұлы революциядан кейінгі тұтас француз қоғамының бейнесімен танысасыз. Романның басты кейіпкері қара шаруадан шыққан балташының баласы Жюльен Сорель әлеуметтік ортадан лайықты орын алуға тырысады. Буржуазия мен ақсүйектердің озбырлығына жан-тәнімен қарсы болып, қасарысқан дұшпандыққа тап болады. Шығарма қоғам өмірінің алуан құбылысын реалистік бағытта шынайы суреттеуімен, кейіпкерлерінің жан-дүниесімен оқырманды баурап алады. Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

4. «Бовари ханым», Гюстав Флобер

Қазақ тіліне аударылған "махаббат" туралы топ-5 әлемдік классика

Француз жазушысы Гюстав Флобердің «Бовари ханым» романы — әлем әдебиеті жауһарларының бірі. Қаламгер бұл шығармасында ХІХ ғасырдағы француз халқының өмір салтын, қоғамдағы түйткілді мәселелерді бір әйелдің тағдыры арқылы ашып көрсеткен. Шығарманың бас кейіпкері Эмма қарапайым отбасында дүниеге келген, анасынан ерте айырылып, монастырьда тәрбиеленеді. Алайда оның тағдыры өз қиялындағыдай болмайды. Ақ боз атты ханзадасын күтіп, зәулім сарайдың ханымы болуды армандаған әйел өзінің қарапайым өмірін қабылдай алмай күйзеліске түседі. Жан жарасын жазу үшін басын тауға да, тасқа да ұрып, түзу жолдан жаңылады. Бір дәуірдің тыныс-тіршілігін суреттеген туынды оқырманды бейжай қалдырмайды. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

5. «Асқақтық пен адасу», Джейн Остен

Қазақ тіліне аударылған "махаббат" туралы топ-5 әлемдік классика

«Асқақтық пен адасу» — ағылшын әдебиетінің шедеврі саналатын туынды. Алғаш рет 1813 жылы жарық көрген роман көпшілікке танылып үлгермеген Джейн Остеннің есімін ең танымал жазушылар қатарына қосты. Басты кейіпкерлер Элизабет Беннет пен Дарси мырзаның романтикалық махаббат хикаясына құрылған шығармада автор XIX ғасырдың басындағы ағылшын қоғамының тұрмысы мен әдет-ғұрпын астарлы ирониямен баяндайды. Бойжеткен бес қыз тәрбиелеп отырған қарапайым Беннеттер отбасының күнделікті тыныс-тіршілігі арқылы күллі ағылшын қоғамындағы оқиғалар көрініс тауып, әлеуметтік таптардың қарым-қатынасы сипатталады. Дегенмен ақсүйектер мен төменгі тап өкілдерінің арасындағы кереғар қайшылықтың өзі махаббат алдында дәрменсіздік танытады.

Мақалада қолданылған дереккөз.

Поделиться: