Қазақстандық суретші Рауаж Алдаров картоннан танымал әнші Димаш Құдайбергеннің портретін жасады.

Димаштың картон портреті жанкүйерлерін қуантты
Фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

Суретші туындының жасалу барысымен әлеуметтік желіде бөлісті. Бейнежазбада ол кәдімгі картон мен желімнен қайталанбас бұйымның қалай жасалатынын көрсетті.

Бұл туынды назардан тыс қалмады. Димаштың жанкүйерлері бейнебаянды тарату арқылы санаулы сағаттардың ішінде өнер иесіне жылы лебіздері мен тілектерімен қолдау көрсетті.

Дереккөз

«Таланыңыз бен еңбегіңіз үшін көп рахмет. Мексикадан сәлем!»

«Тамаша жұмыс. Сізге көп рахмет. АҚШ-тан сәлем.»

Желі қолданушылары туындыға «тамаша» деген баға берді.

Рауаж Алдаров Алматы облысынан шыққан суретші. Денсаулығына байланысты мектепті 20 жасында бітірді. Бала кезінен сурет салуға әуестеніп, әлеуметтік желілерде шығармашылық жобаларымен танылған.

Поделиться: