Сіздермен жақсы жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз! 2024 жылы Диснейдің қазақ тіліндегі үш фильмі кең экрандарда көрсетіледі. Оның ішінде Дисней мен Пиксардың «Головоломка 2» анимациялық фильмі, Диснейдің «Моана 2» шытырман оқиғасы және толықметражды «Муфаса: Король Лев» көркем фильмі бар.

Биыл Disney киностудиясының 3 бірдей фильмі қазақ тілінде прокатқа шығады

«Диснейде дубляж және локализация тарихи түрде біздің мазмұндық күш-жігеріміздің ажырамас бөлігі болды. Сондықтан Disney Character Voices International тобы әр фильмнің әртүрлі тілдерде 30-ға жуық нұсқасын жасайды, олардың әрқайсысында талантты шығармашылық кеңесшілер мен техникалық мамандар жұмыс істейді, кейіпкерлердің ерекшеліктерін сақтай отырып, оларды барлығына түсінікті етеді», – дейді Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД, Грузия және Моңғолиядағы Disney компаниясының бас директоры Кахабер Абашидзе.

Сондай-ақ, ол осындай танымал, сүйікті фильм кейіпкерлерінің қазақстандық көрермендермен бір тілде сөйлейтіні өте маңызды және құнды екенін айтты.

«Қазақстандық көрермендер әрқашан кинотеатрларда Диснейдің ана тілінде өтетін премьераларын күтеді. Бұл дәстүр 2024 жылы да жалғасын табады. Бұған дейін Диснейдің қазақ тілінде кең экранға шығарылған «Моана», «Көліктер 3», «Арыстан патша» (2019) сияқты фильмдеріне енді жаңа фильмдер қосылады. Сапалы дубляждағы фильмдерді көру барлық көрермендерге – қазақ тілінде еркін сөйлейтіндерге де, оны енді ғана үйреніп жүргендерге де қуаныш әкелетініне сенімдіміз», – деп түсіндірді Дисней фильмдерінің ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко.

1. Осы жазда кинотеатрларға шығатын алғашқы фильм Дисней мен Пиксардың «Ойжұмбақ 2» («Головоломка 2») анимациялық хитінің көптен күткен жалғасы болады (кинотеатрларда 14 маусымда көрсетіледі).

Дисней мен Пиксардың «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі басты кейіпкер Райлидің жасөспірім шағындағы санасына оралады. Дәл сол кезде штаб-пәтер кенеттен күтпеген нәрсеге жол ашу үшін күрделі жөндеуден өтеді, яғни жаңа эмоциялар пайда болады!

2. 2024 жылы қазақ тілінде шығатын екінші фильм Диснейдің «Моана» сүйікті хикаясының жалғасы болып табылатын «Моана 2» анимациялық шытырман оқиғасы (қараша айында кинотеатрларда көрсетіледі) болмақ. Көрермендер харизматикалық және аздап нарциссисттік жартылай құдай Мауимен тағы да қызықты саяхатқа шығады.

Биыл Disney киностудиясының 3 бірдей фильмі қазақ тілінде прокатқа шығады
Фото: «Моана 2» фильмінен алғышқы кадр

Диснейдің «Моана 2» анимациялық фильмін кіші Дэйв Деррик басқарады, ал фильм музыкасын ( бірінші фильмде де ерекше танымал болған музыканы жазған) Грэмми сыйлығының лауреаттары Абигейл Барлоу мен Эмили Беар, Грэмми номинанты Опетайя Фоаиа және Грэмми сыйлығының үш дүркін лауреаты Марк Манчина жазған.

«Моана 2», алғашқы тизер

3. Диснейдің 2024 жылы шығатын қазақ тіліндегі үшінші фильмі «Муфаса: Арыстан патша» көркем фильмі болмақ. 2019 жылы «Арыстан патша» фильмінде қолданылған технологиямен түсірілген бұл фильм жас Муфаса және оның ағасы Скармен қарым-қатынасы туралы әңгімелейді. Фильмнің режиссері – Барри Дженкинс («Лунный свет») және сценарийін Джефф Натансон («Терминал»).

Ұсынылған үш фильмнің әрқайсысының қазақ тіліне дубляжы Movie Dalen қазақ дубляждық студиясында жасалады.

Биылғы жылы Қазақстан кинотеатрларында көрсетілетін Диснейдің жаңа «Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін жіберіп алмаңыз!

Поделиться: