Корей фильмдері ерекше стилімен, қызықты сюжеттерімен және жоғары сапалылығымен дүние жүзінің назарында. Драмалық мелодрамалардан бастап күрделі экшн фильмдері және қызықты триллерлеріне дейін кез-келген талғамға сай келетін корей киносының ауқымы өте кең. Бүгінгі топтамада ең үздік кәріс қысқаметражды фильмдерін қарастырмақпыз.

Дорама емес шедевр! 5 үздік корей фильмі
Фото: «Паразиты» фильмінен кадр

1. «Паразиты» фильмі

«Паразиты» — режиссер Пон Джун Хоның фильмі. Туынды 2019 жылы шығып, бүкіл әлемде үлкен жетістікке жетті. Бұл шығарма «Үздік шетелдік фильмі» номинациясында «Алтын глобусты» жеңіп алған алғашқы Оңтүстік Корея фильмі болды, сондай-ақ «Үздік фильм» номинациясында «Оскар» жүлдесін алған алғашқы өзге тілдегі фильм болды.

«Паразиты» бір-біріне қарсы тұрған әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан екі отбасының тарихын баяндайды. Кедей және жұмыссыз Ким отбасы әртүрлі сылтаулармен бай Пак отбасының үйіне кіріп, өмірлеріне ене бастайды. Бірақ өмір сүруге жақсы мүмкіндік пен мәртебе үшін жасырын күресте екі отбасы да күтпеген қиындықтарға тап болады.

Дорама емес шедевр! 5 үздік корей фильмі
Фото: «Паразиты» фильмінен кадр

Фильм комедия, драма, триллер және әлеуметтік сатира элементтерін шебер үйлестіреді. Шығарма өзінің тапқыр сюжеті, әсерлі әлеуметтік түсіндірмесі және режиссердің шебер жұмысының арқасында көзге түседі. Пон Джун Хо қазіргі қоғамдағы теңсіздікті тамаша жеткізеді, ал оның кейіпкерлері жан-жақтылығы, адамгершілігімен санаға терең әсер етеді.

«Паразиты» – көрермендерді әлеуметтік теңсіздік пен адам болмысының күрделі мәселелері туралы ойландыратын, көрерменнің жүрегі мен санасында терең із қалдыратын туынды.

2. «Девушка ХХ века» фильмі

«Девушка ХХ века» — Жазушы-режиссер Бан У Ридің толықметражды дебюттік фильмі. Көптеген корей мәдениеті мен фильмографиясының көрермендерінің жүрегінен үлкен орын алған туынды.

Дорама емес шедевр! 5 үздік корей фильмі
Фото: «Девушка ХХ века» фильмінен кадр

1999 жыл. Чонджу. Орта мектеп оқушысы На Бо Раның ең жақын құрбысы Ен Ду Америкаға жүрегіне ота жасату үшін кетеді. Бірақ шетелге кетпес бұрын Ен Ду мектептегі бір балаға ғашық болып қалады. Оны уайымдатқысы келмеген Бо Ра жігіт туралы мүмкіндігінше көбірек білуге, құрбысына күнде электронды пошта арқылы тұрақты ақпараттарды жіберуге уәде береді. Басты кейіпкер маңызды істі өз мойнына алып, жігітке іс жүзінде тыңшылық жасай бастайды, тіпті оны бұзақылардан құтқарады. Нәтижесінде жігіт және оның досы Бо Раны ұнатып қалады. Ары қарай сюжет Ен Дудың елге оралуымен жане достардың шытырман оқиғаларымен жалғасады. Фильмнің соңы өте мұңды аяқталады және туынды ешкімді бей-жай қалдырмайды.

3. «Молодые копы» фильмі

«Молодые копы» — 2017 жылы шыққан корейлік комедиялық-драма, экшн фильмі. Режиссер Джейсон Кимнің туындысы, басты рөлдерді Пак Со Джун мен Кан Ха Ныль сомдады.

Дорама емес шедевр! 5 үздік корей фильмі
Фото: «Молодые копы» фильмінен кадр

Шығарма абайсызда адам ұрлау оқиғасының куәгері болған полиция академиясының екі студентінің оқиғасын баяндайды. Полицияның істі өз қолына алуын күтудің орнына олар не болып жатқанын өздері зерттеп, ұрланған достарын құтқаруды шешеді.

Фильм әзіл-қалжыңымен, серпінді қимыл-қозғалыс көріністерімен және жан-жақты дамыған кейіпкерлерімен көрерменнің назарын аударады. Мұнда басты кейіпкерлердің шытырман оқиғалары ғана емес, олардың достығы, төзімділігі мен мейірімділігі де көрсетілген.

«Молодые копы» – сан алуан жанрларды біріктіріп, өзіндік ерекшелігімен және сапасымен көрерменді өзіне тартатын корей киносының тамаша үлгісі. Экшн мен комедиялық драмаларды ұнататындар үшін бұл фильм нағыз қуаныш.

4. «Поезд в Пусан» фильмі

«Поезд в Пусан» — 2016 жылы шыққан корейлік зомби апокалипсисі туралы фильм кино әлемінде культ классикасына айналды. Режиссер Ён Сан Хо бұл туындыны ұмытылмас ететін қарқынды әрекеттің, эмоционалды шиеленістің таңғажайып үйлесімін жасады.

Дорама емес шедевр! 5 үздік корей фильмі
Фото: «Поезд в Пусан» фильмінен кадр

Шығарма сюжеті бүкіл елге тарай бастаған зомби вирусына қарсы пойыздағы бір топ жолаушылардың күресі төңірегінде өрбиді. Сеулден Пусанға дейінгі пойыз сапары бір мезетте өмір сүру үшін күреске айналады, әр кейіпкердің өз қорқыныштары мен моральдық дилеммалары кездеседі.

Фильмнің негізгі аспектілерінің бірі — оның кинематографиялық орындалуы. Қашу мен төбелес динамикалық көріністері, шиеленісті сәттер мен қарқынды эмоциялар керемет толқу атмосферасын тудырады. Толықтай алғанда, «Поезд в Пусан» — бұл зомби экшн-триллері ғана емес, сонымен қатар қарқындылығымен және эмоционалдық тереңдігімен көрермендердің жүрегінен орын алатын маңызды туынды.

5. «Ведьма» фильмі

«Ведьма» — 2018 жылы шыққан және Пак Хун Джон режиссерінің интригаға толы корей фильмі. Туынды триллер және ғылыми фантастика элементтері бар қызықты экшн фильм, ол тылсым күштерге ие жас қыздың тарихын баяндайды.

Дорама емес шедевр! 5 үздік корей фильмі
Фото: «Ведьма» фильмінен кадр

Сегіз жасар қыз ормандағы құпия базадан қашып кетіп, оны фермер ес-түссіз күйде тауып алады. 10 жылдан кейін ол Ку Джа Юн деген есімімімен ауылда өзін асырап алған қарт ерлі-зайыптылармен бақытты өмір сүреді және өткен өмірін есіне мүлдем алмайды. Ауыл шаруашылығы үшін экономикалық жағдай қолайсыздық тудырып, сонымен қатар асырап алған анасы Альцгеймер ауруымен ауырады. Содан кейін Джа Юн үлкен ақшалай сыйлық жүлдесі берілетін TV таланттар байқауына қатысуды шешеді. Бірінші қойылымнан кейін көп ұзамай оған біртүрлі жас жігіт жақындап, Джа Юнды «мыстан» деген атпен танитынын айтады және бір кездері Джа Юн жігітті өлтіре жаздағанын айтады.

Фильм динамикалық көріністерімен және кенеттен орын алатын сюжеттік ауытқуларымен баурап алады, көрерменді құпиялық пен ғылыми эксперименттің күңгірт атмосферасына түсіреді.

Корей киносы дамуын жалғастыруда және өзінің алуан түрлілігімен және қойылым сапасымен жаһандық көрермендердің назарын аударуда.

Жансая Тәсібек

Поделиться: