Тағам тек калория мен майдың мөлшеріне қарай тойымды болады деп ойласаңыз, қатты қателесесіз.

Ең тойымды тағамдар аталды
Фото: ашық дереккөзден

Австралиялық ғалымдар әртүрлі тағамдардың қанықтыруға әсеріне зерттеу жүргізді.

Тағам құрамында тек калория мен май ғана емес, сонымен қатар ақуыз, талшық, кальций, калий және натрийдің болуы маңызды екенін анықтады. Ең қанықтыратын тағамдар сұлы жармасы, балық, бұршақ, апельсин, жұмыртқа, қара бидай наны болып шықты.

Салқындатылған картоп құрамындағы крахмал өзгерістерінің арқасында қанықтылық индексі бойынша көшбасшы болып табылады.

Тойымды, оргпнизмді қанықтыратын тағамдарға ауысу сізге жейтін тағам мөлшерін азайтуға және ұзақ уақыт бойы тоқтық сезімін сақтауға, салмақ жоғалтуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі. Ет пен шөп қосылған бутербродтар жеңіл тағамдар ретінде ұсынылады.

Поделиться: