Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Bloomberg нұсқасы бойынша планетаның ең бай адамдары рейтингінде тағы да көш бастады.

Масктың таза байлығы Tesla акцияларының өсуіне байланысты 187,1 миллиард долларға дейін өсті. Электр автомобиль өндірушісі 6 қаңтардағы ең төменгі деңгейінен бастап 70 пайызға өсіп, акциясы 207,63 долларды құрады.

Bloomberg мәліметінше, Twitter иесі Илон Масктың жеке байлығы соңғы екі айда тізімде үздік шыққан Louis Vuitton компаниялар тобының басшысы Бернард Арноның байлығынан асып түсті. Bloomberg агенттігі Арноның активтерін 185,3 миллиард долларға бағалайды.

Сонымен қатар, миллиардерлердің нақты уақыт режимінде рейтингін жасайтын Forbes журналының мәліметі бойынша, Бернард Арно тізімде бірінші орында (206,3 миллиард доллар), екінші орында Илон Маск (197,7 миллиард доллар). Маск желтоқсан айында рейтингте көшбасшы ретінде Бернард Арноға жол берді.

Bloomberg желтоқсанда хабарлағандай, Илон Маск тарихта 200 миллиард доллардан астам ақша жоғалтқан алғашқы адам болды. 2021 жылдың қарашасында оның байлығы 340 миллиард долларға, 2022 жылдың соңында 137 миллиард долларға бағаланды.

Поделиться: