«Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаевтың бұрыынғы әйелі алғаш рет ажырасу себебін айтты. Нұрилла Ақберген тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында өзінің жүйелі түрде соққыға жығылғанын мойындады.

«Меломен» тобының әншісі абьюзер болып шықты
Дереккөз

Нұрилланың айтуынша, ол танымал «Меломан» тобының әншісімен жеті жылдай бірге болған. Олар екі жыл бұрын екіге кетіп, ресми түрде ажырасқанына бір жыл ғана болды.

Ортақ баласы туылғаннан кейін Ғабит Әбілдаев жұбайын жүйелі түрде соққыға жыққан.

«Мен барлығына көзімді жұмып, уақыт бердім, адам өзгереді деп ойладым. Айналамыздағылардың бәрі осындай болғандықтан, барлығы бір рет болса да соққыға жығылған. Мен бұл жағдайды алғаш рет Instagram желісінде жарияладым. Оның туыстары маған қатты ренжіп, өздерінің беделі үшін қорықты. Менің беделім ше? Бала туылғаннан кейін жүйелі түрде ұрып-соғу басталды. Менде мүгедек болып қаламын ба деген ой болды», — дейді ол.

Осыдан кейін Нұрилла Ақберген жарынан көрген зорлық-зомбылықтың бәрін ата-анасына айтып, ажырасуға шешім қабылдады.

Бойжеткен декреттік демалыста болса да табыс тауып, кәсіппен айналысқандықтан, аяғынан тез тұрып кеткенін айтады. Танымал әншіден ресми түрде алимент сұрамаған. Бірақ қазір алимент өндіруді ойлап отыр екен.

Поделиться: