Джейсон Борнның үш фильмін түсірген британдық режиссер Пол Гринграсс Ти Джей Ньюманның ең көп сатылған бестселлер «Погружение: Спасение рейса 1421» романы негізінде фильм түсіреді.

Пол Гринграсс апаттан аман қалғандар туралы фильм түсіреді
Сурет ашық дереккөзден

Deadline хабарлауынша, Warner Bros жеңіп шығып, ақырында кітапқа құқықты жеңіп алды. Фильмге қысқаша шолу жасайық. Әңгімеде жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін алты минут өткенде Тынық мұхитына құлаған апат әңгімеленеді. Тірі қалған он шақты адам 60 метр төмендікте, су астындағы жартаста тұрып қалады. Олар өмір үшін күреседі. Аман қалғандар арасында инженер мен оның 11 жасар қызы бар. Басты кейіпкердің бұрынғы әйелі элиталық құтқару тобының мүшесі. Романда апаттан аман қалған жолаушылардың тағдыры қозғалады.

Гринграсс сценарийді фильмде бейімдейді. Қазіргі уақытта режиссердің соңғы жұмысы — Том Хэнкспен бірге түсірген «Новости со всех концов света» фильмі.

Көптеген критиктердің пікірінше, кинорежжисер Пол Гринграссты 21-ші ғасырдың ең ықпалды экшн кинорежиссерлерінің тізіміне қосу керек.

Оның фильмдері сізді шынымен сол жерде, оқиғаның қалың ортасында жүргендей сезімге бөлейді. Режиссердің ең жақсы жұмысы — «Капитан Филлипс», «Юнайтед 93», «Кровавое воскресенье» фильмдері — нағыз қаһармандық хикаялары.

Атақты кинорежжисердің фильм түсіру стилі ескірді ме? Оның 2002 жылғы аш

лғашқы жарық көрген дебюттік «Қанды жексенбі» фильмінен кейін осы сарындас фильмдері шықса да, оның жаңа жобалары әрқашан назар аударуға тұрарлық болады.

Поделиться: