Бұл туралы аудан әкімі хабарлады.

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов атап өткендей, зардап шеккен үйлердің тұрғындарына сәуір, мамыр, маусым, шілде айларының коммуналдық төлемдері берілмейді.

Қазір Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Барлығы 2870 үй жарыққа қосылса, су тасқыны аймағында орналасқан 3084 үй газға қосылды.

«Қазір тұрғындар наурыз айының коммуналдық төлемдерін (тұрмыстық қатты қалдықтар, электр энергиясы, газ және ауыз су) төлегені туралы түбіртек алуда. Азаматтар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта төлем жасай алады», — деді Жұмабек Қаражанов.

Әкім қалада коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілу фактілері жоқтығын қосты.

Поделиться: