Түркияның Шанлыурфа қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды.

Белгілі болғандай, жарылыс алты қабатты ғимараттың бірінші қабатында болған. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан алты адам зардап шекті, олар ауруханаларға жеткізілді. Сондай-ақ бірінші қабатта орналасқан бірнеше пәтерге зақым келген.

Қазір оқиға орнында полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, 2022 жылы 13 қарашада Ыстамбұлдағы Истиқлал көшесінде жарылыс болды. Шабуыл салдарынан алты адам қаза тауып, 81 адам жараланған. Құқық қорғау органдары шабуылды ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін деген күдіктіні ұстаған еді.

Поделиться: