Ол параплан спортына қызығушылық танытқан.

Тәжікстан тауларында қазақстандық азамат апатқа ұшырады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан азаматы Тәжікстандағы Явроз тауында парапланмен сырғанау кезінде апатқа ұшырады.

Бұл туралы Тәжікстан үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің баспасөз орталығы хабарлады.

Оның айтуынша, 56 жастағы Қазақстан азаматы Рафаэль Насыров белгісіз себептермен парапланмен ұшып бара жатып апатқа ұшыраған. Оның денесін Явроз тауларынан ТЖК мамандандырылған іздестіру-құтқару қызметі департаментінің құтқарушылары тапты. Басқа мәліметтер берілмеді.

Осыған байланысты құтқару агенттігі парапланердің ауа-райының қолайлы жағдайын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал-жабдықты қажет ететін экстремалды спорт түрі екенін ескертеді.

Поделиться: