Сіз тамақ дайындағанды ​​және аспаздық туралы фильмдерді көргенді ұнатасыз ба? Аспаздық қабілеттеріңізді ашуға көмектесетін фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Өте дәмді! Аспаздық туралы 5 фильм
Фото: «Шеф Адам Джонс» фильмінен кадр

1, Рататуй, АҚШ, 2007 ж.

Реми атты егеуқұйрық тамақ әзірлеу шоуларын үнемі көреді және тамақ жасағанды ​​жақсы көреді. Рас, жақындары оның хоббиіне күмәнмен қарайды. Бір күні Реми жас жігіт Лингвиниді кездестіреді. Ол мейрамханада жұмыс істейді, бірақ тамақ әзірлеуді білмейді. Жаңа достар бір-біріне көмектесуді шешеді.

Өте дәмді! Аспаздық туралы 5 фильм
Фото: «Рататуй» фильмінен кадр

Бір қызығы, тамақ пен аспаздар туралы фильмдер тізімінде басты кейіпкері егеуқұйрық туралы мультфильм бірінші орынды алады. Pixar аниматорлары «Рататуй» жұмысына аса жауапкершілікпен қарады. Олар тамақ жасауды үйрену үшін француз аспазшы Томас Келлермен кеңесіп, тіпті мейрамхана мен көшелердің атмосферасын түсіру үшін Парижге де барды.

2. Пряности и страсти, АҚШ, 2014 ж.

Өте дәмді! Аспаздық туралы 5 фильм
Фото: «Пряности и страсти» фильмінен кадр

Мумбайдағы Папа Кадамның мейрамханасын бұзақылар қиратқаннан кейін ол отбасымен Францияның Прованс қаласына көшіп, жаңа асхана ашады. Бірақ оның дәл қарсысында Мишлен жұлдызын алған мейрамхана бар. Екі мейрамхананың қожайындары арасында қырғи-қабақ соғыс басталады.

Бұл фильмді «Шоколад» фильмінің режиссері Лассе Халлстрем жасады. Фильмдердің атмосферасы біршама ұқсас. «Пряности и страсти» фильмі — тамақ дайындау туралы әңгімелермен толықтырылған әсерлі отбасылық драма.

3. Повар на колёсах, АҚШ, 2014 ж.

Өте дәмді! Аспаздық туралы 5 фильм
Фото: «Повар на колёсах» фильмінен кадр

Тәжірибелі аспаз Карл Каспер бірқатар жанжалдардан кейін әйгілі мейрамханадағы жұмысынан айырылады. Содан кейін ол аспаздық әлеміне оралу үшін, сонымен бірге ұлымен көбірек уақыт өткізу үшін жылжымалы жеке асхана ашуды шешеді.

Осы уақытқа дейін әйгілі «Темір адамның» екі бөлімін түсірген Джон Фавро бұл тәуелсіз фильмді жай ғана «жан рахаты үшін» ойластырған. Ол сценарийді небәрі бір-екі аптаның ішінде жазып шықты, содан кейін атақты аспаз Рой Чоймен бірге ас әзірлеу көріністерін мұқият пысықтады. Кейінірек сол жұп Netflix-те аспаздық шоуды шығарды.

4. Кухня в Париже, Ресей, 2014 ж.

Өте дәмді! Аспаздық туралы 5 фильм
Фото: «Кухня в Париже» фильмінен кадр

Мәскеудегі әйгілі Клод Моне мейрамханасы Ресей мен Франция президенттерінің кездесуіне дайындала алмады. Мекеменің бас аспазы Виктор Баринов қол астындағы қызметкерлерімен жаңа жұмыс іздеу үшін Парижге барады.

Бұл толықметражды фильм STS арнасындағы «Ас үй» телехикаясының үшінші маусымының тікелей жалғасы болып табылады. Бір қызығы, фильмнің айтарлықтай бөлігі шын мәнінде Францияда түсірілген.

5. Шеф Адам Джонс, АҚШ, 2015 ж.

Өте дәмді! Аспаздық туралы 5 фильм
Фото: «Шеф Адам Джонс» фильмінен кадр

Үш жыл бұрын шеф Адам Джонс нашақорлықтың кесірінен Париждегі мейрамханасынан айырылды. Қазір кәдімгі дәмханада жұмыс істейді. Бірақ кейіпкер жоғары асүй әлеміне оралуды армандайды, сондықтан Лондондағы мейрамхананы қайта салып, жаңа команда жинайды.

Бір қызығы, осыдан он жыл бұрын Брэдли Купер «Асханалық құпия» ситкомында бұрынғы нашақордың аспазшы рөлін сомдаған болатын. Ал, актердің айтуынша, ол кинодағы мансабын бастамас бұрын, тіпті кәсіби ас әзірлеуді армандаған.

Ақерке Дүйсенбай

Поделиться: