Фильм «Оскар 2011» байқауында 12 наминация бойынша жеңіске жетіп, 4 жүлдеге ие болды. Том Хупердің туындысы лайық бағасын алды ма?

«The King Said» немесе «Король говорит» фильміне рецензия
«Король говорит» фильмінен кадр, 2010 жыл

«Король говорит» фильмі — тарихи биографиялық драма. Бұл фильм режиссер Том Хупер Дэвид Сайдлердің сценариі бойынша түсірген. Америкалық фильм 2010 жылы жарық көрді. Оның сюжеті ханзада Альберт пен австралиялық логопед Лионель Логтың танысуы және одан әрі қарым-қатынасы тұрғысында өрбиді.

Негізгі сюжет Британдық империяның ханзадасы Альберттің, яғни болашақ тақ иегері Георг IV (Колин Ферт) кекештену сырқатымен қалай күрескенін көрсетеді. Бұл сырқат денсаулыққа қауіпті болмаса да биліктегі адам ретінде ханзада үшін ең сорақы кемшілік еді.

«The King Said» немесе «Король говорит» фильміне рецензия

Оның сырқатын ешқандай тәжірибелі, білімді логопед емдей алмайды. Ханзаданың жары (Хелена Бонхэм Картер) соңғы үмітін үзбей, халық арасында беделі жақсы, алайда кедей тұратын логопед Лионель Логтың көмегіне жүгінеді. Осы уақытта жасы келген науқас патша Георг V (Майкл Гамбон) биліктен кетіп, ал тақ мұрагері Эдвард VII (Гай Пирст) сүйгенімен бірге болу үшін тақтан бастартады. Солай, екінші дүниежүзілік соғыс жақындап келе жатқан қиын кезеңде ханзада Альбертке өте ауыр жүк артылады. Ол қалайда сырқатын жеңуі керек. Леонел жаңа корольді емдеп қана қоймай, оның жақын досына айналады. Ханзада Альберт бар қиындықты жеңіп шығады.

Осы туындының  режиссері Том Хупердің бұған дейінгі фильмдері танымал болмаған. Оның бұрынғы түсірген тарихи фильдерінен алған тәжірибесі осындай керемет туындыны жасауына ықпал етеді. Бұл фильм  «Оскар 2011» байқауында 12 наминация бойынша жеңіске жетіп, 4 жүлдеге ие болды. Том Хупердің туындысы лайық бағасын алды.

Фильм ең алдымен өзіндік атмосферасымен адамды бірден баурап алады. Ол жерде ешқандай эффектілер, жарылыстар, қақтығыстар, жауынгерлік іс-әрекеттер жоқ. Өте тыныш фильм. Оны фильмді тыныштықта, үйде отырып көру керек. Ханзаданың қалай кекештеніп сөйлегенінен бастап, оның еңбегі, тәжірибесі, жүріп өткен жолы, өз-өзімен күресуі, қиындықты жеңуі, осының бәрін сезіну үшін фильмнің атмосферасына кіріп көру керек.

Тағы бір ерекшелігі фильмдегі бай элита мен кедейлік арасындағы айырмашылықты сезуге болады. Бай ханзаданың осындай кедей адаммен дос болып, өзін төмендеткендегі сезімдерін байқауға болады. Көшелер, адамдардың киінуі, жалпы көрініс көрерменді сол заманда жүргендей сезімге бөлейді.

Фильмнің ең басты ерекшелігі – кейіпкерлер арасындағы диалогтар.  Олардың әңгімелерін тыңдағанда классикалық музыка тыңдағандай боласың. Әр кейіпкердің сөйлеу мәнері, мінезі есіңде ерекше сақталады. Бұл жерде әсіресе Леонелдің сөйлеу мәнері таң қалдырады. Патшаның алдында қаймықпай сөйлеуі, оның мықтылығын көрсетеді.

Александр Десплдың фильмді әрлегенде қойған саунтректері, әсіресе туындыны Бетховен мен Моцарттың классикалық музыкасымен аяқтауы, туындыны биіктете түскен. Даниел Коэннің камералық жұмысының жақсылығы сонша экраннан көзіңді ала алмайсың.  Ал актерлер өз рөлдерін мінсіз, жоғары дәрежеде ойнап шыққан. Ханзаданың әйелі, ағасы, тіпті ағасының сүйіктісінің рөлі және туындыда Георг IV қызы Великобританияның патшайымы Елизавета II кішкентай кезі де сомдалған.

Қорытындылай келе, бір ғана нәрсе айта аламын: бұл фильм — шедевр. Туынды басынан соңына дейін көрерменін жібермейді. Кейіпкерлердің әрбір әрекеті, әр сөзі есіңде қалады. Фильмді көріп біткеннен кейін болашаққа сенім, берілмеуге деген мотивация қалыптасады. Бұл туынды өз жанрының үздігі екені анық.

Поделиться: