Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарын қорғау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды.

Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғайтын заңға қол қойды
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының әйелдер мен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Еске салайық, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту жөніндегі тиісті тапсырманы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауларында мәлімдеген болатын.

Қабылданған түзетулер жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Палаталардың отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Ұлттық Құрылтайдың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері қатысты.

Поделиться: