Twitter негізін қалаушы Джек Дорси Bluesky Social деп аталатын жаңа әлеуметтік желіні жариялады.

Bluesky Social-дың негізгі ерекшелігі меншікті AT Protocol алгоритмі негізінде орталықсыздандыру болады деп хабарланды. Дорсидің жаңа жобасының басқа әлеуметтік желілерден айырмашылығы, пайдаланушыларға басқа акаунттарындағы өздеріне тіркелген оқырмандары мен деректерді Bluesky Social-ға тасымалдауға рұқсат беріледі.

Дорси Bluesky Social әлеуметтік жобасын 2019 жылы бастағанын айтты. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі жабық бета тестілеу сатысында.

Дегенмен, Twitter негізін қалаушы оның жобасына қосыла алатын әзірлеушілерді іздейтінін жариялады. Атап айтқанда, Дорси Илон Маск келгеннен кейін жұмыстан шығарылған немесе жұмыстан шығуды жоспарлаған Twitter қызметкерлеріне үндеу жасады.

Поделиться: